Қазақстандық оқушылардың суреттері Австриядағы көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушылардың суреттері Австриядағы көрмеге қойылды

21.09.2022

Қазақстандық оқушылар БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінде қонақта болды. Олар «Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» байқауының жеңімпаздары. Бұл шара қоғамның жануарларға деген қарым-қатынасын өзгертіп, қатігездікке жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған. Жүзден жүйрік шыққан таланттар еліміздің Австриядағы елшілігінің және демеушілердің қолдауымен тың туындаларын көрмеге қойып, көпшілікке таныстырды. Балалардың сурет көрмесін БҰҰ Венадағы бөлім жетекшісі Гада Вали, Австрия парламентінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері тамашалады.

Хабарламаларға жазылу