Шығысқазақстандық Сергей Елисеев иегіне қылқалам байлап сурет салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық Сергей Елисеев иегіне қылқалам байлап сурет салады

18.03.2015
Шығысқазақстандық Сергей Елисеев иегіне қылқалам байлап сурет салады

Шығыс Қазақстан облысында тұратын Сергей Елисеев -  бақытын сурет салу өнерінен тапқан жан. Ол туғаннан сал ауруына шалдығып, өз бетімен қозғала алмаса да, иегіне қылқалам байлап сурет салады.

Ең алғашқы суретін осыдан 20 жыл бұрын салыпты. Ол кезде ақ қағазға кітаптарға басылған табиғат көріністерін түсірсе, кейін майлы бояумен өз қиялы бойынша бейнелеуге көшкен.

Өнертанушы мамандардың айтуынша, оның салған суреттері кәсіби суретшілердің туындыларынан еш кем түспейді.

Сергей Елисеевтің жұмыстары жақында Өскемен қаласында өткен көрмеге қойылды.  

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу