Тарихи құжаттар көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи құжаттар көрмеге қойылды

16.03.2017

300-ден астам келісім мен шарт. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономика мен саясат, білім мен ғылым, мәдениет және спорт сияқты барлық салалардағы өзара байланыс  осыншама құжатпен заңды түрде бекітілген.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992-жылдың қазанында орнатылды. Бүгін Елордада осы датаның 25 жылдығына орайластырылған «Қазақстан-Ресей: мәңгілік достық стратегиясы» атты тарихи деректі көрме ашылды. Онда Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаты және Ресей экономикасы мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар қойылған.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу