Арайлы - өнерді биік санайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арайлы - өнерді биік санайды

15.03.2019

«Отбасы – өмір аясы» . Осындай тақырыппен Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Арайлы ауылындағы  №9 орта мектебінде көрме сайысы өтті. Шараны ауданның ішкі саясат бөлімі, іскер әйелдер қауымдастығы мен мектеп жанынан құрылған сурет және қолөнер үйірмесі ұйымдастырды.

Көрмеге әр түрлі жас ерекшелік шамасындағы оқушылардың салған суреттері мен тұрмыстық қалдықтардан жасалған туындылары қойылды.  Бәйгенің мақсаты – жанұя жарастығы мен сыйластығын, отбасы құндылықтарын  насихаттау.

Конкурстың нәтижесі бойынша оза шапқан оқушының салған суреті ауылға кірер жолдың бойындағы баннерге ілінеді. Ұйымдастырушылар осындай тәсілмен ауыл тұрғындарын шығармашылыққа баулып, өнерге бір қадам жақындатпақ.

Рауза Балмағамбетова, «Шеберлер альянсы» қоғамдық қорының төрайымы:

Үйірмеге үш, төрт, бес жастан бастап, мысалы 10-14 жасқа дейінгі мектептің балалары келеді. Бәрінің ынтасы бар, тілектері бар.  Бәрі үйренсек, деп бірінен-бірі қызығып, әдемі сурет салып, соны үйретіп жатыр. Оның нәтижесі бар, жүлделі орындар алып жатыр.                                 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу