Жанар Дұғалова «Turkvision-2014» байқауының жеңімпазы атанды
«Turkvision-2014» халықаралық телевизиялық ән байқауы осымен екінші мәрте өтті.
Сайысқа түркітілдес мемлекеттерден барлығы 25 қатысушы келген, алайда ақтық сынға тек 12 өнерпаз жолдама алды.
Байқауға түркі дүниесінің ең мықты деген жас әншілері қатысты. Қазақстанның атынан сахнаға Жанар Дұғалова шығып, ел намысын абыроймен қорғады.
«Ізін көрем» деген әнді орындаған жерлесіміз, ең жоғарғы 225 бал алып, жеңімпаз атанды. Бұл соңғы жылдары өткен халықаралық ән байқауларындағы, Қазақ елінің алғашқы ірі жеңісі.
Жеңімпазды Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың өзі құттықтады. Осылайша тікелей эфир арқылы 300 миллион көрерменге тараған байқауда, Қазақ елінің мерейі үстем болды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда ақын С.Томановты еске алды
06.10.2026, 17:33
«Таза Қазақстан» – жалпыұлттық құндылық
06.10.2026, 17:30
«Astaufest» халықаралық гастрономиялық фестивалі басталды
06.10.2026, 17:27
Қазақ мәдениетін Брюссельде студенттер таныстырды
06.10.2026, 17:25
Ботай мәдениеті Кембриджде таныстырылды
06.10.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 17:20
Туризмнің сан тарауын тоғыстырған Бурабай
06.10.2026, 17:17
Ұстаздардың ұсынысы тыңдалды
06.10.2026, 17:15