Түркістан облысында екі шаруашылықтың қорасы түгелдей жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында екі шаруашылықтың қорасы түгелдей жанып кетті

19.09.2022

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі шаруашылықтың қорасы түгелдей жанып кетті. Екеуінде де мал азығы жиналған. Тастұмсық ауылының іргесінде түн ішінде тұтанған жалын таңға жуық сөндірілген. Өртті өшіруге аудандық өрт сөндіру бөлімінің сегіз қызметкері мен арнайы техника жеткен. Екі қораның бір уақытта қалай өртенгені әзірге белгісіз. Ал, шаруалар тілсіз жаудан 40 млн теңгедей шығынға батқанын айтады. Олар сондай-ақ, өртті қасақана қойған деп күдіктеніп отыр. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу