Қызылорда облысында 3 мың орама шөп өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 3 мың орама шөп өртеніп кетті

22.07.2021

Қызылорда облысы жаңақорған ауданында жеке шаруашылықтың қорасы өртке оранып, 3 мыңнан аса орама шөп жанып кетті. Қорада 4 мың дана орама шөп болған.тек, 300-дей ғана жоңышқа орамасын шығарып үлгерген. Сондай-ақ, қызыл жалынмен арпалыста өрт сөндірушілер көмегімен қорадағы 100 бас жылқы мен 150 сиырды аман алып қалды. Бір түнде бар жиған шөбінен айрылған шаруа қып-қызыл шығынға батты. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу