Шығыс Қазақстанда 20 тонна шөп жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 20 тонна шөп жанып кетті

02.06.2022

Шығыстағы Ұлан ауданы Аршалы ауылында 20 тонна шөп жанып кетті. Жеке шаруашылықтың аумағында өткен қыстан 100-ге жуық руллон қалған. Күн күркіреп, бұршақ жауған кезде найзағай осы қу шөпке түскен. Аудандағы өрт сөндірушілер қожалықтың жұмысшыларына дер кезінде көмекке жедел жетіп, қалған 50 тонна шөпті сақтап қалды.

 Өртті сөндіруге жалпы 20-ға жуық маман мен 4 техника жұмылдырылды.


Хабарламаларға жазылу