Қостанай облысында екі тұрғын үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында екі тұрғын үй жанып кетті

26.04.2023

Қостанай облысының Заречный ауылында екі тұрғын үй қора-қопсысымен өртеніп кетті. Адамдар дін аман. Қорадағы 28 ұсақ мал мен 24 үй құсы қырылып қалды. Сонымен қатар үйге жақын тұрған жеңіл көлік те жанған. Қатты соққан желдің салдарынан қызыл жалын үшінші үйдің шатырын да шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында тілсіз жау өшірілді. Өрт кезінде үш газ балоны жарылып, құтқарушылардың да өміріне айтарлықтай қауіп төнген. Алдын-ала болжам бойынша от 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден тұтанғаны әзір белгісіз. 

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу