Алматыда Президент реформаларын қолдайтын белсенділердің қоғамдық тобы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Президент реформаларын қолдайтын белсенділердің қоғамдық тобы құрылды

14.09.2022

Белгілі қоғам қайраткерлерінен жасақталған топтың басты идеясы – Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға септесу. Олардың сөзінше, ел болашағына оң ықпал ететін реформалар 2019 жылы басталды. Ал Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетті демократияландыру үрдісі жылдамдай түскен. Осы тұста азаматтық қоғамның рөлі ерекше екенін және Президент бастаған реформаларды жұмыла қолдауымыз қажет, дейді олар. Өйткені әрбір азамат тың бастамалардың тиісті деңгейде жүзеге асқанын қалайды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда болған Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттардың да, маңыздылығын тілге тиек етті.


Хабарламаларға жазылу