«Ауыл» партиясының өкілдері: Референдум ең алдымен адам құқығын қорғауға негізделіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясының өкілдері: Референдум ең алдымен адам құқығын қорғауға негізделіп отыр

27.05.2022

«Ауыл» халықтық-демократиялық-патриоттық партиясы Президенттің саяси реформаларын қолдайды.

 Олардың айтуынша, республикалық референдум ең алдымен адам құқығын қорғауға негізделіп отыр. Оның айқын дәлелі «Конституциялық соттың» құрылуы. Аталған партия мүшелері Алматыда бас қосып, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері және қарапайым тұрғындармен алдағы саяси науқанды талқылады. Олардың пікірінше, бұл халыққа берілген мүмкіндік. Сондықтан азаматтар ел болашағына бей-жай қарамай, өз ұстанымын ашық түрде білдергені дұрыс.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ойламаған азаматтар болса ойланып, түсінбеген жерлері болса анықтап, халық арасында Конституциялық реформаны да, саяси, экономикалық реформаны да толық қолдап отыр. Егер бүкіл халық қолдайтын болса, біздің мемлекетімізде көп өзгеріс болады деп ойлаймыз.

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу