«Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды

26.05.2017

«Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы мен ғылыми сараптамалық кеңес құрылды. Бүгін олар алғашқы республикалық форум өткізді. Осылайша, Президент ұсынған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жыл соңына дейін елдегі 500-ге жуық киелі орындардың тізімі жасалмақ. Жоба бес жылға арналған және тиісті қаржымен қамтамасыз етілген.  Жақын арада Астанадан алты бағытқа экспедиция аттанбақ. Олар киелі орындарды аралап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу