Еліміздегі басты мемлекеттік нысандарды жекешелендіру Үкіметтің тұрақты бақылауымен жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі басты мемлекеттік нысандарды жекешелендіру Үкіметтің тұрақты бақылауымен жүргізіледі

06.12.2016
Еліміздегі басты мемлекеттік нысандарды жекешелендіру Үкіметтің тұрақты бақылауымен жүргізіледі

ҚР Үкіметі отырысында 2016–2020 жылдарға арналған басты мемлекеттік нысандарды жекешелендіру жөніндегі Жоспар талқыланды.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов заңманаға сәйкес, республикалық меншіктегі басты нысандарды жекешелендірудің жеке тәртібі қарастырылғанын баяндады.

Осыған сәйкес, Қаржы министрлігі жанынан мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы (жобалық офис) құрылды.

Өткен кезеңде жұмыс тобының 8 отырысы өтті, бұл отырыстарда барлық 12 басты нысан қарастырылып, 9 нысанды жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді, оның ішінде 5 нысан бойынша ұсыныстар мақұлданды.

Басты нысандарды сату 2017 жылы басталады деп күтілуде, ол үшін нарықтық бағасын бағалайтын, топ-12 әрбір нысан бойынша келісімді қолдайтын тәуелсіз консультанттар тартылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жекешелендіру – бұл жеке меншікті өзгерту формасы, ол мемлекеттік меншікті жеке меншікке сату үрдісін білдіреді.

Қазақстанда жекешелендіру отандық кәсіпкерлікті нығайту, мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін төмендету және мемлекеттік активтерді тиімді жеке меншікке өткізу арқылы елдегі жеке бизнесті одан әрі дамыту мақсатында жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу