Шымкентте еріктілерден қоғамдық тәртіп сақшыларының тобы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте еріктілерден қоғамдық тәртіп сақшыларының тобы құрылды

08.01.2022

Шымкент қаласында қалыптасқан жағдайды реттеу үшін еріктілерден қоғамдық тәртіп сақшыларының тобы құрылды. Олардың ішінде танымал спортшылар мен ел құрметіне бөленген айтыскер ақындар және дін өкілдері бар. Қазір студиямен телефон арқылы тікелей байланысқа осы өңірдегі меншікті тілшіміз Ғани Қалмаханов қосылды. Ғани, қоғамдық тәртіп сақшылары қатарында қанша адам бар?

Ғани Қалмаханов, тілші:

Жалпы саны 200-ден асатын қоғамдық сақшылар 6 топқа бөлініп, құқық қорғау қызметкерлерімен әскерилерге көмектеседі. Халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұртты сабырға шақыруды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, елдің болашағы мен өркениеті жолында бірігіп ынтымақтасуға шақырады. Бұдан бөлек, қала әкімдігі жанынан да арнайы штаб құрылған. Оған қала әкімі жетекшілік етеді. Аймақ басшысы кеше күні бойы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген нысандарды аралап, материалдық шығынды анықтау мақсатында құрылған комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жалпы, Шымкенттің жағдайдың тұрақталғанына бүгін 3-ші күн. Тұрғындар күнделікті тіршілігіне алаңсыз кіріскен.


Хабарламаларға жазылу