Елордада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне орай фотокөрме басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне орай фотокөрме басталды

12.09.2022

Көрермен назарына қазақ даласына келген діндер тарихы, діни жоралғыларда қолданылатын жәдігерлер ұсынылған. Мәдени шара 4 күнге созылмақ.

Дархан Рахымжан, тілші:

«Қазақстан аумағындағы діндердің тарихы». Осындай атаумен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде елімізде өтетін әлемдік және дәстүрлі дін лидерінің 7 съезіне орай халықаралық көркем көрме өтіп жатыр. Бұл жерде атауы айтып тұрғандай еліміздегі дін тарихына қатысты құнды жәдігерлер: көне Құран қолжазбалары, Библия кітаптары, діни жоралғыларда қолданылатын заттар, Қарахан дәуіріндегі монеталар қойылған. Көрмеге сьезге келген делегация өкілдері қатысып, Қазақстан жеріндегі діндердің кешесі және бүгінімен танысуда.

Көрмеде жалпы саны 100-ге тарта, Ұлттық музейдің және ұлттық кітапхананың жәдігерлері қойылған.

Дархан Рахымжан, Олжас Берікбаев


Хабарламаларға жазылу