Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің VII съезі: Хронология - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің VII съезі: Хронология

12.09.2022

Осы аптада елімізде Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің VII съезі өтеді. Оған 50 мемлекеттен 100-ден астам делегация қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ съезге Рим папасы Франциск те келеді деп күтіліп отыр. Әлемдегі тұрақтылық пен тыныштықтың орнауына үн қосып келе жатқан шараның хронологиясына тағы бір рет тоқталайық. І съезд 2003 жылы қыркүйекте елордада өтті. Дін лидерлерінің II съезі жаңа ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайында басталды.

Ал 2009 жылы өткен үшінші съезге әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты. Араға үш жыл салып, IV съезд 2012 жылдың мамырында өткізілді. Ал 2015 жылы өткен съезд «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог» тақырыбына арналды. Ал соңғы рет өткізілген VI съезд 2018 жылдың қазанында өтті.  

Хабарламаларға жазылу