Елордада көпұлтты музыкалық топ әлемдік рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада көпұлтты музыкалық топ әлемдік рекорд орнатты

07.09.2022

Елордада рекорд тіркелді. Бір мезетте сахнада бірнеше ұлт өкілі музыкалық композиция орындап, «Ең көпұлтты оркестр» аталымы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнады. «Көп ұлтты» оркестрдің құрамында 75 этностың өкілі бар. Музыкалық жоба елімізде өтетін дін лидерлерінің 7-Съезіне орай ұйымдастырылып отыр. Оркестр әлемдік шығармалармен қатар, Абай әндерін де орындады:

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Мәдениет пен өнер ұлтына, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан адамдарды біріктіруші күшке ие. Бүгін біз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Рекордтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында тіркелуі де айрықша мәнге ие. Бұл – біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін, әсіресе, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде маңызды оқиға.


Хабарламаларға жазылу