Әлемдік діндер съезінде қандай мәселелер көтеріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік діндер съезінде қандай мәселелер көтеріледі?

08.09.2022

Діндер съезіне 50 елден жүзден астам делегация келеді деп күтілуде. Шара дәстүрлі түрде әр үш жыл сайын еліміздің бас шаһарында ұйымдастырылады. Былтыр өтеді деп жоспарланған VII сьезд пандемияға байланысты кейінге шегерілген болатын.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезі 2003 жылы қыркүйекте елордада өтті. Алғашқы дінаралық саммитке Еуропаның, Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың 13 елінен әр-түрлі дін өкілдері мен қонақтар жиыналды. Бұл кезең әлемде дін атын жамылып, лаңкестік ұйымдастыру белең ала бастаған жылдармен тұспа-тұс келеді. Жауапкершілігі жоғары басқосуда әлемдік қауымдастықтарға геосаси жағдайлардың тұрақтылуы үшін батыл үндеулер жасалды.

Назым Жанғазинова, VII ӘДДЛ съезінің ресми өкілі:

2001 жылы бәріміздің есімізде АҚШ та үлкен теракт болды. Сол терактыдан кейін Рим папасы Қазақстанға келген болатын. 06-24 бірішші сьезд өткен кезде діндердің радикализацияланбауы теракт мәселелері көтерілген болатын. Әр үш жыл сайын, тақырыптар да ауысып отырды. Бұл тақырыптар әлемдегі проблеммаларға байланысты болып отырды.

Дін лидерлерінің II съезі жаңа ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайында басталды. «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбындағы конгресс отырысында «Дінаралық келіссөз қағидаттары» бекіді. Сондай-ақ дін және этникалық топтар арасында қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Мамандар бұл шара әлемді жайлап бара жатқан алауыздықты ауыздықтауға өз септігін тигізгенін айтады.

Алмасбек Шағырбай, дінтанушы:

Мысалы, біз көреміз Еуропадағы мұсылмандардың немесе мұсылман елдеріндегі басқа дін өкілдерінің арасындағы кейбір кикілжіңдер осындай дөңгелек үстел барысында келісімге келіп, көптеген біз білетін, білмейтін мәселелердің шешілуіне мұрындық болады. Осындай шаралар өзінің жемісін берді.

Ал 2009 жылы өткен съезге әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты. III Съезге қатысқан қонақтардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Араға үш жыл салып, IV съезд 2012 жылдың мамырында өткізілді. Ал 2015 жыл өткен Съезд «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог» тақырыбына арналды. Ал, соңғы рет өткізілген VI съез 2018 жылдың қазанында өтті.

Осылайша әйгілі діндердің көшбасшылары Қазақстандық диалог алаңын пайдаланып, әр үш жыл сайын бүкіл адамзатты бейбітшілікке шақырып келеді. Съезде мұндай үндеулерден бөлек, экологиялық мәселелер қозғалмақ.

Айта кетейік, биыл әлемнің түкпір-түкпірінен келген дін өкілдері елордада ашылатын үлкен саябаққа көшет отырғызу рәсімін өткізбек.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу