Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Дерек пен дәйек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Дерек пен дәйек

10.09.2022

Осы сьездің хронологиясын жалғастырайын. Бұған дейін 1, 2, 3-сьездерге тоқталғанбыз.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші съезі 2012 жылдың 30-31 мамырында өтті.

Съез «бейбітшілік пен келісім - адамзаттың таңдауы ретінде» тақырыбына арналды. Саммитке әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардан 85 делегация қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезі. 2015 жылдың 10-11 маусымында өтті. Съез «бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог» тақырыбына арналды. Съезге әлемнің 42 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері мен халықаралық ұйымдардан 80-нен астам делегациясы қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы съезі. 2018 жылдың 10-11 қазанында өтті. Съез «діни лидерлер – қауіпсіз әлем үшін» тақырыбына арналды. Саммит жұмысына әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты.


Хабарламаларға жазылу