Калифорния штатында орман өрті 12 мың гектар жерді жалмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния штатында орман өрті 12 мың гектар жерді жалмады

10.09.2022

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп барады.

Тілсіз жау екі күннің ішінде он екі мың гектар жерді жалмаған. «Маса өрті» деп айдар тағылған қызыл жалынның көлемі әр он екі сағат сайын екі есе өсіп жатыр дейді өртке қарсы күрес басқарамасының өкілі. Ал жергілікті жұрт баспаналарын сақтап қалу үшін шатырларына қайта-қайта су сеуіп әлек. «Біз үш күннен бері ұйықтамадық» дейді Джеймс Лоури. Тілсіз жау қазірдің өзінде жүздеген отбасыны үйлерін тастап, жан сауғалауға мәжбүр етті.

Штаттың оңтүстік бөлігіндегі Лос-Анджелеске жақын жерден де халық қауіпсіз жерге көшірілді. Өйткені, құтқарушылар осы аймақтан шыққан тағы бір алапат өртті ауыздықтауға күш салып жатыр.


Хабарламаларға жазылу