АҚШ-тағы аптап ыстық дала өртін өршітіп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы аптап ыстық дала өртін өршітіп жіберді

25.07.2022

АҚШ-тағы аптап ыстық дала өртін өршітіп жіберді. Калифорния штатында үш күн бұрын тұтанған «Емен өрті» алты мың гектар жерді шарпыды.

Иосимит ұлттық паркі маңында тұратын мыңдаған адам үйлерін тастап жан сауғалауға мәжбүр. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің саны қазірдің өзінде алты мыңнан асқан. Ондаған баспана күлге айналды. Үш мыңнан астам нысанға қауіп төніп тұр. Бірнеше жол жабылып, қатынас қиындаған. Тіпті, Марпоса округінде төтенше жағдай жарияланды. Өртті сөндіру үшін екі жарым мың құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Ондаған тікұшақ тартылған. Деседе әлі қауіп сейілген жоқ. Себебі, бірнеше күннен бергі аптап ыстық жалынды ауыздықтауға мұрша берер емес. Ал, ғалымдар орман өртінің жиілеуіне ғаламдық жылынудың тікелей әсері барын айтады.


Хабарламаларға жазылу