Калифорния штатында «Алисал» өрті 7 мың гектарға жуық аумақты шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния штатында «Алисал» өрті 7 мың гектарға жуық аумақты шарпыды

15.10.2021

АҚШ-тың Калифорния штатында «Алисал» өрті дес бермей жатыр. Соңғы төрт күнде от 7 мың гектардай аумақты шарпыған. Тілсіз жау ауылдарға қауіп төндіріп тұр. Өртпен күреске ұшақтар, 1500 маман тартылған. Рейтердің мәліметінше, әзірге өрттің 5 пайызы бақылауға алынды. Жалынды сөндіруге күшті жел кедергі. Айта кетері - биыл Калифорнияда орман өрті көп тіркелді. Ал, былтыр тілсіз жау штаттың 1 млн 700 мың гектар жерін шарпып, Гавай аралдарына тең аумақ күлге айналған еді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу