АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен 10 мыңнан астам адам қашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен 10 мыңнан астам адам қашты

30.07.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен 10 мыңнан астам адам басқа жаққа көшуге мәжбүр болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лапылдаған жалын жан-жағын шарпып келеді. Бүгінде өрт 12 мың гектардан астам аумаққа тарап ұлгерген. Сонымен қатар, елдің Невада штатында 10 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті.

Жалпы алғанда, биыл Құрама Штаттарда от 1,7 млн. гектар аумақты күлге айналдырыпты. «Франс пресс» агенттігінің хабарлауынша, Калифорнияда орман өрті құрбандарының саны жетіге жетті. Штаттың губернаторы Джерри Браун Шаста, Лейк, Напа, Мендосино деген графтіктерде төтенше жағдай жариялады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу