АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп барады

28.10.2019

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті әлі қаулап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, лапылдаған жалын 14 мың гектар аумақты шарпып үлгерген. Алапат қауіпке байланысты 180 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшріліп, миллионға жуығы жарықсыз қалды. 

Штат губернаторы Калифорнияның барлық аудандарында төтенше жағдай жариялады. 

Сономо округі мен Лос-Анджелес маңында басталған өрттің тез тарауына сағатына 110 шақырым жылдамдықпен соққан жел себепші. Синоптиктердің болжамынша, жағдай тіпті ушығуы мүмкін. Себебі бұл аймақтағы ылғал мөлшері қауіпті деңгейге дейін төмендеген. 

Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Бірақ жергілікті билік өкілдерінің сөзінше өрт электр бағаны құлап, оның сымы үзілген жерде басталса керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу