Калифорнияда орман өртінен 50-ден астам үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда орман өртінен 50-ден астам үй жанып кетті

06.08.2021

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп, 50-ден астам үй жойылып, тағы 30 шақты нысан зақымданған. Қауіп күшейгендіктен, Сакраменто қаласында 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, осы аудандағы Невада округінде 4200-дей тұрғын эвакуацияланып жатыр. Былтыр бұл аймақта өрт өте қатты болды. Биыл одан да көп ормандар жанады деген болжам бар.

Грекия астанасы Афинының солтүстігінде де тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Оттың өршуіне 40 градус ыстық пен ұйытқыған жел себепші.

Жалпы алғанда, бүкіл елде 150-ден астам өрт ошағы лаулап, үйлерді жалмап, ондаған қалашық пен ауыл тұрғындарын көшіруге тура келді.

Биыл орман өрті Түркияның Жерорта және Мәрмәр теңіздері жағалауындағы провинцияларын шарпып, ондаған мың гектар аумақты күлге айналдырды. 8 адам қаза тауып, мыңдаған жергілікті тұрғын мен турист қауіпсіз жерге қашты. Қазір өрттің 11 ошағын сөндіруге күш салынып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу