Ахмет Байтұрсынұлы бейнеленген таспаның түпнұсқасы елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлы бейнеленген таспаның түпнұсқасы елге жеткізілді

09.09.2022

Тіл білімі институты ғалымдарының айтуынша, бұған дейінгі видеода ұлт ұстазының сұлбасы анық көрінбеген.

Әзербайжанның Баку қаласындағы фото және кино құжаттар мұрағатына барған Ермұхамет Маралбектің сөзінше, бұл бейнематериал 1926 жылы Бакуде түсірілген. Ұлт ұстазының сұлбасы алты жерде анық көрінеді. Бұған дейін бұл кадрлардағы адамның Ахмет Байтұрсынұлы екеніне ғалымдар күмәнмен қараған. Сол жылы мұнда бүкілодақтық түркологтардың бірінші құрылтайы өткен еді. Сондай-ақ бұған дейінгі деректерде осы құрылтайға қазақ жерінен 4 делегат қатысты делінген. Архив құжаттарын ақтарған ғалым ресми тұлғалар қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұловпен қатар Азиз Байсейдули де болған дейді. Сонымен қатар бейресми шақыртумен тағы бірнеше адам барған. Арасында атақты әнші Әміре Қашаубаев та бар.

Ермұхамет Маралбек, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары:

Сол жерде үш нұсқасын көрдік. Ахмет Байтұрсынұлының «анықтау қажет, дәлелдеу қажет» деген видеосының сол жерде түпнұсқасын көргенде дәл ол екеніне көзіміз жетті. Өйткені анық көрініп тұрды. Сонымен біз Ахмет Байтұрсынұлы деген шешімге келдік.


Хабарламаларға жазылу