Көктөбедегі өрттің себебі анықталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктөбедегі өрттің себебі анықталып жатыр

07.09.2022

Алматыда екі жерде өрт болды. Алдымен Кеңсай шағын ауданындағы тау бөктерінде, артынша Көктөбе маңындағы құрғақ шөп тұтанған.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Кеше сағат күндізгі 11-лер шамасында қалалық ТЖД-ға Кеңсай шағын ауданындағы тау бөктерінен өрт шықты деген хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенімен, өртті сөндіруге жел кедергі келтірген. Олар қызыл жалынмен кешкі сағат 19:00-ге дейін арпалысқан. Осы сәтте Көктөбе маңын қызыл жалын щарпыды деген ақпар түскен. Ол жердегі өртті сөндіруге 100-ден астам адам жұмылдырылып, 20-30-дар шамасында толық сөндірілді.

Қызыл жалын 3 га аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Көктөбе маңы өртеніп жатқанда Әл-Фараби даңғылы бойында белгісіз біреудің от жағып тұрған видеосы тарады. Қалалық ПД мамандары аталған аумақтан 10 дана желім құтысын тапқан. Жедел-тергеу тобы видеоға түсірілген адамның кім екенін анықтап жатыр.

Хабарламаларға жазылу