Оралда балабақша өртеніп, бір адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда балабақша өртеніп, бір адам зардап шекті

06.08.2021

Оралда балабақша өртеніп, бір адам зардап шекті. 48 жастағы ер адам үш қабатты ғимараттың төбесін жөндеп жатқан. Екі тізесін күйік шалған оның қазір жағдайы орташа. Абырой болғанда, балабақшада жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, балалар да, қызметкерлер де болмаған. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу