Алты студенттің ұсталу себебі анықталып жатыр

26.07.2017

Қазақстанның жауапты органдары Мысырдағы студенттердің ұсталу себебін анықтау бойынша жұмысын жалғастыруда. Кеше кешкісін Қазақстан елшісі мен Мысырдың Сыртқы істер министрінің орынбасары кездесіп, мәселені талқылады. Ресми жауап жақын арада берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Естеріңізде болса, Каирге тіл курсынан өтуге барған қазақстандық алты студенттің 20-шілдеде із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Кейіннен оларды жергілікті полицейлердің ұстап әкеткені белгілі болды. Қазір олар сол елдің аумағында. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу