Еліміздегі 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункт салынады
Алдағы екі жылда еліміздегі 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункт салынады. Миллиондаған азамат үшін медициналық-санитарлық көмек қолжетімді бола түспек. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылды. Яғни, келер жылы ауыл тұрғындарының қажеттілігіне бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру қолға алынбақ. Президент ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңартылғанын айтты. Олар болашақта көпбейінді емдеу мекемесіне айналады. Бұл төрт миллионнан астам тұрғын үшін медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Телемедицина дамып, шалғай аудан тұрғындарының түрлі медициналық көмек алуына жол ашылады.
Асқар Үмбетов, Қарабұлақ ауылдық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Бұған дейін ауыл тұрғындары облысқа баратын. Онда кезек күтетін. Мысалы жоспарлы түрде ауруханаға жататын болса, онда портал күтетін. Ал егерде осы Президенттің Жолдауындағы көпбейінді ауруханалар өзімізден ашылатын болса, бізде жоспарлы стационарлық ем қабылдауға кезек ертерек болады. Ол жерде инсульт орталықтары, хирургия, реанимация орталықтары жұмыс атқарады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09