Қ.Жұбанов атындағы өнер университеті жаңа міндеттерге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Жұбанов атындағы өнер университеті жаңа міндеттерге дайын

02.09.2022

Сапалы кадр даярлау ісінде әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелерді қолдану. Президент Жолдауындағы білім саласына қатысты осы маңызды тапсырмалар ЖОО-да еңбек ететін ұстаздардың көңілінен шықты. Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы өнер университеті ұжымының пірікі осы.

Президент Жолдауда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді басшылыққа ала отырып, білім беру жүйесіне тоқталды. Балабақшадағы тәрбиеден бастап жоғары оқу орнындағы білім сапасына қатысты бірқатар жаңашылдық айтылды. Соның бірі білім беру гранттарына қатысты. Жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл мектеп бітіріп, жоғары білім алуға ниетті, бірақ қаржылық қиындыққа тап болғандар үшін тиімді.

Лаура қарабасова, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ректоры:

Алдағы уақытта педагогикалық бағытта кадр даярлайтын университтерге арналған акредитациялау жаңа бағыта болады деп айта аламын. Бұл да біз үшін үлкен маңызды жаңалық. Себебі біз Жұбанов университеті педагогикалық және техникалық мамандар даярлайтын оқу орны болып табыламыз.


Хабарламаларға жазылу