Көкшетау университетінің студенттеріне 250 орындық жатақхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау университетінің студенттеріне 250 орындық жатақхана салынады

06.09.2022

Жоғары оқу орындары жанынан эндаумент қорларын ашу туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты айтты. Осындай қор Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ашылмақ. Бастаманы оқу орнының түлектері мен жергілікті кәсіпкерлер қолдап отыр. Қор алдағы айда жұмысын бастайды деп жоспарланған. Мақсат – стратегиялық жобаларды дамыту үшін инвестиция тарту. Бүгінде университетте 8 жарым мыңдай студент білім алады. Жастарды жатақханамен қамту – өткір тұрған мәселе. Оны шешу үшін келесі оқу жылына дейін 250 орындық жатақхана салынбақ.

Марат Сырлыбаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры:

Әзірге бізде әлеуетті әзірлеуші-құрылысшы жоқ болғандықтан, біз өз қаражатымызға жатақхана салуды шешіп отырмыз. Жобалық-сметалық құжаттары дайын. Алдағы уақытта құрылысқа конкурс жарияланады. Жыл соңына дейін құрылысты бастау ойымызда бар.

Рақым Бекназаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры:

Жолдауда бізге айтып отырған мақсат – әлеуметтік жағынан халыққа көмек беру. Стипендия беру, студентке жағдай жасау, кейін жұмысқа орналастыру – комплексті жоба. Бұл өзімізде бар зат, дегенмен серпілісті Жолдау беріп отыр, болашақта да қарастырамыз деп ойлаймын.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу