Ерлан Қарин «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

09.02.2017
Ерлан Қарин «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне  тағайындалды

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды. 

абаев қарин

 

коллегия

Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым.

1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған.

1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған.

1996-1998 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінің саясаттану кафедрасында оқытушы болған.

1998-2000 жылдары Қазақстанның даму институты Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары; 2000-2003 Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2004 жылдан 2006 жыл аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі.

2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылдың ақпан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болды.

2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған.

 

Хабарламаларға жазылу