Елімізге трансшекаралық өзендер арқылы келетін судың көлемі жыл сайын азайып келеді. Президент өз Жолдауында осы мәселеге тоқталып, суды үнемді пайдаланатын кез келді деді. Үкіметке Су кеңесінің жұмысын жандандыруды тапсырды. Жаңа реформада айтылған ұсыныстарды сала мамандары да құптап, оң өзгерістер күтіп отыр. Еліміздегі үлкен өзендердің 80 пайызы – трансшекаралық. Сондықтан су саясатына келгенде көрші елдерге тәуелдіміз. Мемлекетаралық келісімдер болғанымен маусымдық кезеңдерде диқандар су тапшылығын сезініп келеді. Соның өзінде ысырапшылдық көп. Мәселен, Сырдариядан егістіктер мен шабындық жерлерге тарайтын арналардың көбі бітеліп, гидроқұрылғылардың тозығы жеткен.Мамандар суды үнемді пайдалану үшін Кеңес дәуіріндегі тоспалар мен гидронысандарды қайта жаңғыртып, автоматтандыру технологиясын енгізу қажет деп есептейді.
Жорабек Нұрымбетов «Қазсушар» РМК өндірістік учаске басшысы:
Президентіміз Жолдауында жақсы айтып кетті. Енді республика көлемінде де үлкен гидротехникалық нысандар мен үлкен каналдарға қаржы бөлінеді деген сенімдеміз. Соны біз жөндеп, жаңа технологиялар енгізіп, автоматизация енгізу арқылы біз оны аз суды ұқыпты пайдаланамыз ба деген үлкен үмітіміз бар.