Жаңа саяси тұғырнама - ел болашағының жарқын бейнесін көрсетеді. Алматыда Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлерінің қатысумен саяси кеңес өтті. Сарапшылар партияның саяси тұғырнамасында көрініс табуы тиіс тақырыптарды талқылады. Жалпы, платформаны құру жұмыстары сәуір айынан бастап жүргізіліп келеді. Онда елдегі өзекті мәселелер мен тұрғындардың қажеттілігі ескеріліетін болады.
«AMANAT» саяси платформасын әзірлеу бойынша жұмыс бірнеше айдан бері «еститін партия» форматында жүргізілуде. Бұл құжат қандай болатынын сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер мен қоғам қайраткерлері анықтайды. Бастысы, жаңа жүйе бүгінгі қоғамның сұраныстарына сәйкес әзірленуі тиіс. Отырыста әлеуметтік жаңғырту саласын дамытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселесі қозғалды.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі:
«AMANAT» партиясының негізгі ұстанымы бізге шынайылық керек. Бағдарлама ол біздің негізгі құндылықтарды, өткен тарихи жолымызды шынайы көрсету, рас бізде де кемшілік болды. Бізде қиналған кезіміз болды, біздің де қателескен кезіміз болды. Бірақ біз мұны түзеуге де әзірміз. Аманат партиясының мүшелері партияға не үшін кіреді, қандай құндылықтардың түбінде бірігеді, біздің басқадан айырмашылығымыз неде, болашақтағы образымыз қандай деген сұрақтарға жауап беретін кешенді нақты осындай құжат.
Құжатта саяси ұйым қызметінің бұрынғы тәжірибесі ескеріледі. Бұл «AMANAT» партиясы дамуының жаңа кезеңіне айналып, халықтың азаматтық белсенділігін арттырады.
Эдуард Полетаев, саясаттанушы:
Ұзақ мерзімді жоспардың мақсаты - Қазақстан халқын бақытты және табысты ету. Бұл үшін платформа талқылануда. Бұл сайлауалды бағдарламадан ерекшеленетін жаңа саяси құрал. Ал, осы тұғырнама негізінде ел азаматтарының негізгі мақсаттары мен міндеттерін, партияның қандай жағдайда көпшілікпен жүзесуін айқындайды.
Ашық саяси диалогқа «AMANAT» мүшелері мен тәуелсіз сарапшылар қатысуда. Әзірленіп жатқан құжат алдағы бірнеше жылға арналған.
Никита Шаталов, саяси шолушы:
Бірінші кезекте әлеуметтік жаңғырту мәселесін қолға алуымыз керек. Ол біздің мемлекетімізге аса қажет. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, ел экономикасын көтеру мәселелерін қолға алуымыз керек. Жұрт арасында мұндай мәселелер болмасы үшін еңбектенуіміз тиіс.
Айта кетейік, саяси тұғырнаманы жаңарту жұмыстары биыл сәуір айында басталды. Қорытындысы күзде республикалық партия конференциясында талқыланбақ. Жаңарту жұмысы «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізіледі. Еркін пікір алмасу мен кең саяси диалог қамтамасыз етілуі керек. Бұған барлық «аманаттықтар» атсалысуы қажет.
Асылбек Данияр