ҰБТ алдағы үш жылда түбегейлі жаңғырады
Соңғы 20 жылдан бірі Қазақстандағы мектеп түлектерінің
басты білім барометрі болып келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеу бірер жылда
түбегейлі жаңғырады. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен халықаралық ETS
ұйымы білім беру саласында стратегиялық әріптестік орнатып, АҚШ астанасы
Вашингтонда арнайы келісімге қойды. ETS ұйымының жаһандық тәжірибесі мен
заманауи әдістері негізінде дайындалатын тестілер қазақстандық түлектердің
халықаралық стандарттарға сай білімін анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе тек
академиялық білімді емес, өмір мен кәсіби қызметте қажет негізгі дағдыларды да
бағалауға бағытталмақ. Тест сұрақтарының жаңа моделі дағдыларды дамытуға,
кәсіби табысқа екпін береді. ETS жасанды интеллект пен психометриялық әдістерді
қолдана отырып, бағалау сапасы мен ашықтығын арттырмақ. Сонымен қатар
қазақстандық мамандар ETS зерттеу тағылымдамаларына қатысып, халықаралық
тәжірибе жинайды.
Амит Севак, ETS бас директоры:
Біз ең алдымен жүйені зерттеуден бастаймыз. Елдің академиялық тұрғыда ілгерілеуін қалай өлшеуді қалайтынын білу үшін көптеген мүдделі тараптарды тыңдап, олармен сөйлесеміз. Біз бағалау ұйымымыз және біздің негізгі бағытымыз зерттеу мен ғылым. Алдымен қандай қажеттіліктер бар екенін түсініп, Қазақстан үшін бірлескен шешімдерді қалай жасай алатынымызды анықтағымыз келеді. Біз жұмысты жақын арада бастаймыз.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Келесі үш жылда ETS ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа әдістемесін ұсынады және біздің тест құрастыратын, жинақтайтын ғалымдарымызды оқытады.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы 104 елді мекенде арнайы спорт кешені атымен жоқ
09.12.2025, 10:17
Жаңа жылдан бастап зейнетақы өседі
09.12.2025, 10:16
Бір айда пластикалық ота жасатуға зейнетақы қорынан 2,1 млрд теңге алынған
09.12.2025, 10:15
Ақмола облысында ірі қара белгісіз аурудан қырылды
09.12.2025, 10:15
Стамбұлда қоғамды дүр сілкіндірген ұрлық жасалды
09.12.2025, 10:14
Үкімет сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтпек
09.12.2025, 10:13
Жапонияда қуатты зілзала қайталануы мүмкін
09.12.2025, 10:12
Зеленский Еуропа елдерінің лидерлерімен кездесті
09.12.2025, 10:12