Оралда Қазақстан – Ресей форумы басталды
Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды. Екі елдің Мемлекет басшылары ертең бейнебайланыс арқылы форум аясында сөз сөйлемек. Ал бүгін дәстүрлі шара Қазақстан – Ресей іскерлік кеңесінің X отырысымен ашылды.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Форум жұмысы іскерлік кеңес отырысымен басталды. Биылғы жиынның басты тақырыбы – «Жұмысшы мамандықтар – экономиканы дамытатын қозғаушы күш». Сол себепті отырысқа қатысып жатқан кәсіпкерлер, инвесторлар жұмысшы мамандықтарды даярлаудағы тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ екі ел арасындағы серіктестік, іскерлік байланысты одан әрі дамытуды талқылады. Батыс Қазақстан облысы Ресейдің 5 өңірімен шектеседі. Облыстың Ресеймен сыртқы сауда айналымы 504 млн АҚШ долларына жеткен. Отырыс аясында қос елдің бизнес өкілдері ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша екіжақты құжаттарға қол қойды.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Іс-шараға 300-ден астам кәсіпкер қатыспақ. Өйткені форум ұзақ жылдар ішінде Ресей мен Қазақстан өкілдерінің тұрақты диалог алаңына айналды. Негізгі басты іс-шаралар ертең өтеді. Екі елдің Мемлекет басшылары бейнебайланыс арқылы форум аясында сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Форум жұмысы әрі қарай тақырыптық кездесулермен жалғасады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16