Рим Папасы сапарының ұраны мен логотипі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим Папасы сапарының ұраны мен логотипі жарияланды

24.08.2022

Рим Папасының Қазақстанға сапарының ұраны мен логотипі жарияланды. Апостолдық сапардың «Бейбітшілік пен бірлік елшілері» ұраны логотиптің жоғарғы жағында қазақ тілінде, ал төменгі жағында орыс тілінде жазылған. Ортасында тұмсығына ою-өрнек түріндегі зәйтүн бұтағын тістеген көгершін бейнеленсе, құстың қос қанаты бейбітшілік елшілерін білдіретін қолдың кескінімен суреттелген. Сондай-ақ рәмізде Қазақстан туының көк және сары түстері, Ватикан туының ақ және сары түстері қолданылған.

Еске салайық, Рим Папасы Франциск 13-15 қыркүйек аралығында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына қатысады.


Хабарламаларға жазылу