Мемлекет басшысы Рим Папасына домбыра сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Рим Папасына домбыра сыйлады

15.09.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің мәдениетіміз туралы жылы лебіздеріңіз үшін, әсіресе домбыра туралы пікіріңіз үшін қазақ халқы сізге ризашылығын білдіреді. Қазір бүкіл басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары сіздің сөзіңізді жазып жатыр. Барлығы Рим Папасы қазақ мәдениетінің, соның ішінде біздің ұлттық аспабымыз - домбыраның ең үздік насихатшысы деп айтып жүр. Қазір бұл жастар мен балалар арасында өте танымал. Сіздің сөздеріңізден кейін домбыраға деген қызығушылық тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де арта түседі деп ойлаймын.

Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне Мемлекет басшысының арнайы шақыртуымен келген болатын. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары. 13 қыркүйек күні елордамыздың әуежайынан Рим Папасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алған еді. Ал, бүгін зор құрметпен шығарып салды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу