Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан басшысымен келіссөз өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан басшысымен келіссөз өткізеді

13.09.2022

Елордада осымен жетінші рет өтетін әлемдік дін лидерлерінің құрылтайы өз жұмысын бастап кетті. Съездің негізгі пленарлық отырысы ертең өтеді. Оған мұсылман әлемінің аса мәртебелі дін басыларымен бірге Рим папасы Франсицк те қатысады деп жоспарланып отыр. Айтпақшы, алдына ала ақпараттарға қарағанда Рим папасы Елордаға бүгін бесін ауып, екінті кірген кезде ұшып келмек. Ол әуежайдан бірден Ақордаға барады. Қазақстан Президентімен Ватикан басшысы келіссөз өткізеді. Одан кейін Қазақстан концерт алында Рим папасының қатысуымен мәдени шара өтеді деп жоспарланып отыр. Мәртебелі мейман қатысатын барлық шараларды «Qazaqstan» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу