Рим Папасы ұлы Абайды үлгі етуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим Папасы ұлы Абайды үлгі етуге шақырды

14.09.2022

Рим папасы Франциск съезде Абай туралы айтты. Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан діндер құрылтайында Ватикан басшысы хакім Абайдан бірнеше рет мысал келтіріп, ұлы ақынның айтқанын үлгі тұтуға шақырды. «Біздің рухымыз біршама өзгерді. Абайдың өзі дінді мәжбүрлей алмайтынымызды айтады. Діни бостандық дегеніміз фундаментальді және бастапқы құқық» деді Рим Папасы. Сондай-ақ мәртебелі мейман домбыра туралы да сөз қозғады.

Франциск, Рим Папасы:

Кеше мен домбыраны өзіме қабылдадым. Мен музыкалық аспаппен үнімді үйлестіргім келеді. Бұл жердің, елдің, әдебиеттің, өнердің мағынасын түсіндіріп кеткен 1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген ұлы Абай. Абай толық адам идеясын айтты, тіршіліктің мәнін білуге тырысты. Дін туралы да түсінікті ұлы ақыннан табуға болады. Адам табиғи жаратылыс деп, әрбір адамның мінез-құлқына ден қоюды айтады. Қазақстан осы құндылықтарды сақтауға оны одан әрі ілгерілетуге бейім. 20 жыл бойы бұл съез өтіп келеді. Биылғы кездесу бізді рухани және қоғамдық дамуға әсер етеді.

Хабарламаларға жазылу