Техаста нөсер жауын алапат тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техаста нөсер жауын алапат тасқынға ұласты

23.08.2022

АҚШ-тың Техас штатының солтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 195 құтқару оқиғасы тіркелген. Әсіресе, Далластағы жағдай қиын. Мұнда көшелер мен жолдар өзенге айналып, талай көлік суда қалды. Сондықтан округте төтенше жағдай жарияланып отыр. Зардап шеккендерге федералдық үкімет тарапынан көмек көрсетіледі. Дегенмен құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметінің болжамынша, штатта ертең де күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

Хабарламаларға жазылу