Бразилияда табиғи апат құрбандарының саны 44-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда табиғи апат құрбандарының саны 44-ке жетті

30.05.2022

Бразилияның солтүстік-шығысында нөсер жауын кезінде 44 адам қаза тапты. Құрбандардың көбі - Ресифи қаласының тұрғындары. 56 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Тағы ондағаны жараланды. 4 мыңға жуық бразилиялық үйсіз қалған. Жауын жұма және сенбі күндері толассыз жауып, соңы алапат тасқынға ұласты. Айта кетері - былтыр Бразилия қуаңшылықтан зардап шеккен еді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу