Австралияда су тасқыны: Мыңдаған тұрғын көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда су тасқыны: Мыңдаған тұрғын көшіріледі

04.07.2022

Австралияның шығыс жағалауындағы нөсер жауын алапат тасқынға ұласты. Сиднейде және оның маңында үйлерді, фермаларды, көпірлерді су алып, сан мың адамға көшуге бұйрық берілген. Демалыс күндері Жаңа Оңтүстік Уэлс штатында жауған жаңбырдың мөлшері бір айлық нормадан асып кетті. Сондықтан, мұнда 30 мыңдай адам эвакуацияkануға әзірленіп жатыр. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті билік қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін, халыққа өзенге айналған жолдарға көлікпен шықпауға кеңес беріп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу