БАӘ-нің үш қаласында тасқын жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ-нің үш қаласында тасқын жүрді

29.07.2022

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа, Фуджейра және Рас-аль-Хайма қалаларында нөсер жауынның соңы алапат тасқынға ұласты. Жолдарды, үйлерді су басқан. Көліктер жартылай су астында қалды.

Жергілікті билік тұрғындарға қажет болмаса далаға шықпау қажеттігін ескертеді. Сонымен бірге кейбір қызметкерлер уақытша қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілді. Ал Дубайдың ауа райын бақылау орталығының мәліметінше, нөсер жауын бүгін біртіндеп саябырсиды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу