Боливияда жауын құйып, су тасыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда жауын құйып, су тасыды

22.12.2023

Боливияның орталығындағы Санта-Круз штатында төпелеп жауған жауын соңы алапат тасқынға ұласты. Өзендер арнасынан асқанда үйлер мен көшелерді су басқан.

Нөсер жауын сейсенбі күні таңертең басталды. Содан бері ел астанасына 100 миллиметр жауын түсіпті.

Осыған байланысты, жергілікті үкімет су басқан аудандарға құтқарушылар бригадаларын аттандырып, халықаралық әуежайда ұшақтардың сапарын уақытша доғарып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу