Еліміздегі кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады. Кейбір аймақта баға тіптен шарықтаған. Әсіресе, Түркістан, Атырау, Ақмола, Алматы облысында өсім жоғары. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Базар жағалаған ата-аналардың уайымы басым.
Бүгін Гүлсана Еркінбай отбасымен базарға келген. Бірақ екі баланың қажеттілігін толық өтеуге қалтадағы 150 мың теңгесі жетпей қалыпты.
Гүлсана Еркінбай қала тұрғыны:Қарандаш, күнделік, өшіргіш сияқты заттардың өзіне 12000 шықты , әлі алынбаған қанша заты бар, екі есе қымбаттаған.
Былтырғымен салыстырғанда, баға біраз өзгерген. Мұны сатушылар да мойындайды.
Ырзагүл Бейсенбиева, сатушы:Былтырғыдан қарағанда айырмашылық бар, дәптер қымбаттау болып жатыр. Дәптер фирманың өзінде қымбат. Бізге қымбат келеді. Бізде тиісті бағамызды қосып сатамыз.
Сатушылардың айтуынша, баға барлық оқу-құралға қосылған. Шамамен 2 есе. Өйткені, 90 пайыз өнім шетелден келеді. Импортқа тәуелділік басым.
Еркеғали Кәрбозов, қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:Биыл бірінші рет өткеніне қарамастан сұранысқа ие болып жатыр. Осы отырған 93 кәсіпкер компанияның 28-і әлеуметтік баға орнатуға келісіп, нарықтағы бағадан 10-20 пайызға арзан сатып отыр.
Жәрмеңке 21-іне дейін жалғасады. Екі күнде мұнда 20 мың адам келген. Балалар мектепке керек жарағын алып қана қоймай, көрме тамашалап, мәдени, спорттық шараларға қатыса алады. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мұндай жәмеңкені еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастыру жөнінде тапсырма берді.
Раушан Сайлауқызы