Астанада үш күнге созылған «Менің Қазақстаным» атты халықаралық Шәмші әндері фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жиырмадан аса қатысушының ішінен оза шауып, қанжығасына бас жүлдені байлаған Оңтүстік Қазақстан өңірінің жас таланты Қанатбек Айбек болды. Жеңімпаз бір миллион теңге көлеміндегі жүлдені иеленді.
Сондай-ақ, үш үшінші, төрт екінші және үш бірінші орындарды Астана, Алматы, Семей, Қырғыз Республикасының жас әншілері өзара бөлісті.
Зарина БҮЙЕНБАЙ