«balapan» телеарнасы ұйымдастырған «Менің Қазақстаным!» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» телеарнасы ұйымдастырған «Менің Қазақстаным!» байқауының жеңімпаздары марапатталды

01.06.2018

Елорданың 20 жылдығына орайластырылған шараға алғашында 500-дей бала қатысқан. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен болашақ туралы ойларын білдіріп, Қазақстанға арнаған тілектерін бейнежазбамен жолдаған-ды. Қатысушылардың үздіктерін анықтау үшін арнайы сарапшы топ құрылып, 16 жеңімпаз Астанаға арнайы шақыртылды. Олар екі күннен бері қаланың көрікті жерлерімен танысып, мерекелік бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ, жоба аясында елордаға қатарластарына үлгі көрсетіп жүрген дарынды, батыр балалар да  шақырылды. Кішкентай қонақтардың көбі бас қалаға алғаш рет келген. Жобаның мақсаты – өскелең буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамның маңызды бір бөлшегі екендіктерін ұғындыру. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу