Калифорнияда орман өртін сөндіруге 200-дей адам жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда орман өртін сөндіруге 200-дей адам жұмылдырылды

11.08.2022

АҚШ-тың Калифорния штатында тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Горман қаласы маңындағы орман өртін сөндіруге 200-дей адам тартылды. Лапылдаған жалын 60 гектардан астам аумақты шарпып үлгерген. Аптап ыстық пен қатты жел жергілікті тілмен айтқанда «отты шайтанның» көтерілуіне себеп болып отыр. Айта кетсек ыстық ауа мен жалын араласқанда пайда болатын бұл көрініс құйынға немесе мұнараға ұқсайды. Лос-Анджелес аймақтық өртпен күрес департаментінің мәлімдеуінше, әзірге жақын маңдағы ғимараттарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу